Химия саласының келешегі зор
Нұржан Сұлтаналиев, «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың өткен жылды қорытындылаған есебін тыңдап, өңірімізде көп жетістіктерге қол жеткенінен хабардар болдық. Индустрияландыру бойынша былтыр 446 жаңа жұмыс орындарының ашылуы, сыртқы сауда айналымының көлемі 116 пайызға өскені, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 226,7 миллиард теңгені құрағаны, әрине, айтуға ғана оңай. Мұның барлығы да қыруар еңбекпен келгенін жақсы білеміз.
Облысымыздың химия саласында да айтарлықтай алға басу бар. Бұған былтыр «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты Жаңа Жамбыл фосфор зауытында бірқатар жобалардың іске қосылып, 70-ке жуық жаңа жұмыс орнының ашылуы да сала ісінің нығая түскенін айғақтайды.
Бұдан бөлек, Шудағы «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында» 2013 жылдан бері қызу жұмыстар жүргізілуде. Мұнда 16 химиялық зауыт орналасатыны белгілі. Бұл жобалардың жүзеге асуына 2,6 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылған. Химия өнімдерін әлем елдеріне тасымалдауға байланысты сингапурлық «JURONG» компаниясымен бірлесе жұмыс жүргізу көзделген. Қазіргі таңда аталған арнайы экономикалық аймақта инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу сапалы аяқталып келеді. Алдағы уақытта мұнда 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Әрине, бұл облысымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына оң әсер етпек. Ал Шу ауданы экономикасының жақсарып, жергілікті тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамтылуына да қол жететін болады.
Өңір басшысының есепті баяндамасында да бұл мәселелер кеңінен қамтылды. Басқа салаларда да ауқымды жұмыстар жүргізіліп, облысымыздың өткен жылды табысты қорытындылағанына көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан, облыс әкімінің өткен жылғы атқарған жұмыстарына оң баға беремін.
Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді