Елбасы бастамалары мен тапсырмалары еліміздің бүгіні мен болашағының қамын ойлаудан туындап жататыны баршаға мәлім. Әсіресе, жыл сайынғы халыққа Жолдауларының мазмұны терең, маңызы айрықша елеулі. Оның биылғысы жазбаша түрде жарияланып, халыққа жол тартты. Ол «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады. Онда еліміздің дамуына қатысты ең өзекті мәселелер қозғалады. Оның ішінде біршама басымдықтардың берілуін асыраушы саланың дамуына жасалған зор мүмкіндік деп қабылдадық. Бұл тұрғыда Елбасы «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс» деп атап өтті. Мемлекет басшысының суармалы егіс алқабын алдағы 5 жыл ішінде 40 пайызға ұлғайту жөніндегі тапсырмасын диқандарға жасалған үлкен қолдау деп бағалаймыз.
Ал өзімнің шаруашылығыма келетін болсам, бірнеше жылдан бері қант қызылшасын өсірумен тұрақты шұғылданып келеміз. Былтыр 100 гектарға өсірген тәтті түбір алқабынан ойдағыдай өнім жинап алдық. Үкімет тарапынан субсидия бөлінуі де жұмысымызға едәуір серпін беруде. Облыс әкімінің тікелей қолдау білдіріп, қаржы бөлдіруімен Франциядан әкелінген сапалы тұқым да қант қызылшасынан мол өнімге қол жеткізуімізге мүмкіндік берді. Биыл қожалық иелігіндегі балтамыр алқабын 150 гектарға ұлғайтуды көздеудеміз. Қант қызылшасының көлемін жылдан-жылға ұлғайта бермек ойымыз бар. Оған жағдай да, мүмкіндік те жеткілікті. Бұл күнде шаруасы бір қалыпқа түскен, табысты шаруашылықтар қатарынан көрінудеміз. Әлбетте, біз бұл жетістікке мемлекет тарапынан көрсетілген зор қолдау, көмектің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан, Жолдаудан туындайтын міндеттердің нақты іс жүзіне асырылуына, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы дамытылуына өзіндік үлесімізді қоса беретін боламыз.
Маут ФАЗУЛОВ, «Талап» шаруа қожалығының төрағасы.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді