Экономикасы қуатты “үлкен жеті ел” (G7) егер Шығыс Украинадағы тәртіпсіздік бақылауға алынбаса, Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге даяр. Брюссельде 4 маусым күні өткен жиыннан соң “үлкен жетілік” басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады.
“Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын қабылдай алмаймыз және Украинаның шығысында жағдайды тұрақсыздандыру іс-әрекеті тоқтатылуы тиіс. Бұл әрекеттер халықаралық құқықтың негізгі принциптерін бұзады және ол барлық елдерді алаңдатуы тиіс. Ресей Украинаның ішкі ісіне араласқан тұста біз украин халқы мен үкіметін қолдаймыз” делінген құжатта. Жеті ел басшылары бұған қоса Ресейді Украинадағы президент сайлауының нәтижелерін мойындап, Украинамен шекарасынан әскерін әкетуге және бұл елге бүлікшілер мен қару-жарақ жөнелтуді тоқтатуға шақырған. “Үлкен жетілік” елдері басшыларының саммиті әуелде Ресейдің Сочи қаласында өтуі тиіс болған. Бірақ Ресей Қырымды аннексиялап алған соң, Мәскеудің ісіне қарсылық білдірген “үлкен жетілік” елдері саммитті Брюссельге ауыстырған еді. Экономикасы дамыған “үлкен жетілік” деп аталатын бейресми топқа АҚШ, Жапония, Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция және Италия кіреді. Құрамына Ресей кірген кездері бұл топ “үлкен сегіздік” (G8) деп аталған.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




