Жер ана алдамайды екен...
Құрдасым Рақымжан Дауымбақов (марқұм) ауылдың айтулы азаматы, сырбаз, серілеу жігіт еді. Бір жылы бақшасына екі шелек картоп егеді. Өзі де, әйелі де жұмысбасты жандар, картобына онша қарамаса керек. Уақыты келгенде картобын қазып алған Рақаң үйіне келіп: – Әлсия-ау, Жер ана жарықтық адал ғой шіркін, алдамайды екен, екі шелек картоп егіп едік, сол екі шелек картобымызды түп-түгел теріп алдық, – деген екен міз бақпастан.
Төреқұл ӘЛХАНҰЛЫ.
Ақсу ауылы, Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




