Тиімді жобаға жол ашық
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аударылған. Тіпті, оны айтамыз-ау, «Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады» деген жолдар бар осы тарихи құжатта. Елбасының осы мақсатқа жету жолындағы тағы бір тамаша әрі батыл қадамы – шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жариялауы. Сондай-ақ, тиісті қызметтерге кәсіпкерлерге барынша қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды. Осындай қамқорлықты сезінген кәсіпкерлер жұмысты жандандыруға жан-жақты талпыныс жасауда. Олардың «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа ие болуға ұмтылысы ерекше. Бәрі алғысы, пайдаланғысы келеді мемлекеттік грантты.
Облыстық мәслихат шешімімен облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы жанынан құрылған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияға ұсынған жобасы бағаланғандар ғана осынау мүмкіндікті пайдалана алмақ. «Алмақтың да салмағы бар», грантқа ие болғандар ертең ел игілігіне жұмыс істеп, өндірген өнімі, ашқан жаңалығы, көрсеткен қызметі тұтынушылар көңілінен шығуы керек. Биыл сәуірдің аяғына қарай осы комиссияның алғашқы отырысы болып, онда конкурсқа ұсынылған 18 жоба құрамында басқарма бастығының орынбасары, ғалымдар, экономистер, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар комиссия сынағына түсті. Онда гранттан үміткер әрбір кәсіпкер өз жобасын ғылыми, өндірістік негізде қорғап шықты. Бәрі де тамаша сияқты, бірінен-бірі өтіп тұр. Тыңдаудың алғашқы отырысында екінші турға жіберілген 10 жобаның 5-еуі ғана 2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру құжаттарын қарауға жіберу жөніндегі Аймақтық үйлестіру кеңесінің сүзгісінен өтті. Оларға берілетін мемлекеттік грант мөлшері бірдей – 3 миллион теңгеден. Енді жобалары мақұлданып, сенім көрсетілген кәсіпкерлер бизнестерін жандандыратынына үміт бар.
Болат Жаппарұлы,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Тұрғын үй бағасы тиімді ме?
- 12 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді