Балауыз бейнелер деген де бар

Балауыз бейнелер деген де бар
ашық дереккөз
Балауыз бейнелер деген де бар

20170125_152944[1]Бала кезімізде үйде жарық сөніп қалған күндері балауыз шамдарды жағып қоятын едік. Еріп аққан қалдық майынан ойымыздағы түрлі мүсіндерді, заттарды жасап ермек қылатынбыз. Әсіресе, жазғы ыстықта өз-өзінен еріп тұратын балауыз икемге тез келетін. Сөйтсек бұл ермек қылып жүргеніміз, мәдениет әлемінде әжептәуір атағы бар өнердің бір түрі екен. Бұған дейін де қазақстандық шеберлер балауыздан мүсіндер жасап, ел назарына ұсынып келген болатын. Ресейдің мәдениет кеңістігінде өз орны бар шаһары – Санкт-Петербургте балауыздан жасалған мүсіндер облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі «Аңыздар мен атақтылар» көрмесінде қала тұрғындары мен қонақтарына көрсетіледі. Көрмеде аты әлемге әйгілі актерлер, тарихи тұлғалар және императорлар мен саясаткерлер, ертегі мен мультфильм кейіпкерлері де орын алыпты. Мысалы, Чарли Чаплин, Эвлис Пресли, Бэтман, І Петр, Владимир Путин, Шыңғыс хан сынды тұлғалардың 48 мүсіні қойылған. Сонымен қатар, әлемге әйгілі ең алып адам Бастер Симкус пен бойының ұзындығы 2 метр 46 сантиметрге жеткен қытайлық Чжао Ляналардың бейнесі сонадайдан көзге түседі. Кейбір мүсіндер тірі адамды еске түсіріп, қасына жақындап қалсаң, сенімен сөйлесіп кететіндей ерекше әсер қалдырады. «Барлық мүсіндер – өткен ғасырларда ғұмыр кешкен немесе қазіргі таңда аты аңызға айналған саяси тұлғалар, сүйікті кейіпкерлеріміз, кино әлемінде өзіндік орны бар әйгілі өнер жұлдыздары. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – халыққа осындай өнер бар екенін насихаттау. Бұл іспен айналысқаныма 6 жылдан астам уақыт өтті. Қазақстанның көптеген қалаларында ұйымдастырып, көрсетіп жатырмыз», – дейді көрмені ұйымдастырушы Жетпіс Сентаев. 23 қаңтар мен 12 наурыз аралығында көпшілік назарына ұсынылатын көрмені тамашалауға қала халқы әлден-ақ асыға бастапты.

Фариза АЙТБЕК,

"Ақ жол".

Ұқсас жаңалықтар