ол Жамбыл өңірінен жылына 100 мың қозы алып тұруға мүдделі
Тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі бері елімізге, оның ішінде біздің өңірге құйылған инвестиция аз емес. Мәселен, соңғы 15 жылдың ішінде облысымыздың негізгі капиталына салынған инвестиция 80-нен астам есе, әлеуметтік нысандар, инженерлік және транспорт инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджет қаржысының көлемі шамамен 209 есеге өскен.
Өңір тұрғындары игілігін көздеген мұндай жұмыстар бүгінгі таңда да жалғасын тауып келеді. Бұған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мұрындық болып отыр. Оның облыстық филиалында өткен басқосуда Сауд Арабиясының «Iһuan Hani» компаниясының өкілдері әулиеаталық кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдірді.
Жиынға қатысқан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясы басшысы Сәрсенбай Сұлтанбеков, Сауд Арабиясының «Iһuan Hani» компаниясының директоры Нани Алаклок және бірқатар шаруа қожалықтарының басшылары ұзақ мерзімді келісімшартқа отырудың жолдарын қарастырды. Арабтар жамбылдық кәсіпкерлер мен шаруалардан жылына жүз мың қозы алып тұруды көздейді. Олар әсіресе біздегі ақ және қара түсті қозыларға қызығушылық танытуда. Жиында сөйлеген Қарлығаш Әмірқызы: «Келісім қос тарапқа да тиімді болуы керек. Мұны жергілікті әкімдіктердің қолдауы ауадай қажет. Басқасын айтпағанда көлік және логистика мәселелерінен кедергі туындамас үшін қазірден бастап іске көшу керек», – деді. Мұнан соң сөз алған Нұржан Молдиярұлы мен Сәрсенбай Нұраханұлы да барлық тәртіптің сақталуына ықпал ететіндерін айтты. Жалпы, арабтық инвесторлардың өңірімізге атбасын бұруы таңғаларлық жағдай емес. Олар бізде жайылымдық жердің мол, мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде екенінен хабардар. Әрине, ұзақ мерзімді келісімшартқа отырмас бұрын барлық мәселенің түйінін тарқатып, түбегейлі шешіп алған дұрыс. Осыны ескерген қос тарап экспортталатын қозының туу, жетілу мерзімін және құлақтағы сырғасының болу-болмауын да сөз етті. Арабтықтар сырғаның болмағаны дұрыс десе, жергілікті кәсіпкерлер сырғаның болғаны жөн деген пікірде. Екі тарап таяу арада тағы да өзара жүздесетін болып уағдаласты. Кездесуден кейін инвесторлар Т.Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығына барып, ондағы жағдаймен танысты.
Есет ДОСАЛЫ,
"Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді