оны әлемнің үздік университеттерімен салыстыруға болады
Мемлекет басшысы Назарбаев университетінің медицина мектебінде болды. Іс-шара барысында Қазақстан Президенті бейінді білім берудің заманауи талаптарына толықтай сай келетін медицина мектебінің жаңа ғимаратын аралап көрді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен және педагогтармен кездесті. Әңгімелесу барысында Елбасы қазіргі уақытта әлемнің медицина мен биология саласындағы ғылыми прогресс алдында тұрғанын атап өтті. – Жаңа медицина мектебінің жабдықталуын, оқыту деңгейін әлемнің үздік университеттерімен салыстыруға болады. Сондықтан мен өздеріңізден үлкен жаңалықтар күтемін. Сіздердің зерттеулеріңіз, зертханалық мүмкіндіктеріңіз, оқытушылардың ғылыми әлеуеті сырқаттың ең күрделі түрлерін емдеудің, адам өмірін ұзартудың жаңа әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бұл мектеп өзімен бірге басқа университеттерді ілгері жетелейтін негізгі базалық оқу орны ретінде құрылды, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен бірге, Қазақстан Президенті XXI ғасырда ақпараттық технологиялармен қатар медицина мен биологияның да алдыңғы орынға шығып отырғанын айтты. – Барлық ғылымдар өзара байланысты, көптеген жаңалықтар олардың тоғысуынан пайда болады. Осы оқу орнының қабырғасында ғылым дамуға тиіс, бізге жан-жақты ғалымдар қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Соңында Елбасы жиналғандарды оқу орнының жаңа ғимаратының ашылуымен құттықтап, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектестік білдірді. * * * Медицина мектебінің ғимараты 9 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 39 825 шаршы метр. Онда ғылыми және оқу зертханалары, симуляциялық орталық, анатомиялық зертхана, лекция залдары мен топтық сабақ алуға және кеңсеге арналған бөлмелер, кітапхана, асхана бар.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




