«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Лондон Таразға жақындай түсті

Лондон Таразға жақындай түсті
ашық дереккөз
Лондон Таразға жақындай түсті

Англияның астанасындағы медбикелер алқасы патшалығы телебайланысқа шықты

Жамбылдық медбикелер біліктіліктерін арттыру үшін оқуға Лондонға жіберілмек. Бұл шешім облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйытқысымен өткен Ұлыбритания елінің Global Conferences орталығы мен өңіріміздегі емдеу-алдын алу мекемелерінің мейірбикелерінің бірлескен телеконференциясында мәлім болды. Конференцияда Лондондағы Медбикелер алқасы Патшалығы колледжінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек және патронаждық қызмет департаментінің мамандары мен жамбылдық медицина қызметкерлері «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі NHS («National Health Service») шеңберінде мамандандырылған әлеуметтік мейірбикелік және патронаждық қызмет: құрылымы, жұмысты ұйымдастыру, дамыту жолдары мен қызметті қаржыландыру» тақырыбындағы мәселелерді талқылады. Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Марат Жұманқұлов телеконференцияда медбикелерді дәрігердің көмекшісі дегеннен гөрі дәрігердің серігі деу керек деген тың ой айтты. – Медбикелердің біліктілігін арттыру мен білімін жоғары білім деңгейінде жетілдіру мәселесі «Денсаулық» бағдарламасында көтерілген. Негізгі мақсат – медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту, даярланған мамандардың бәсекеге қабілетті болатындай жағдай жасау. Сондықтан, «Мейірбике ісін» дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, – деді Марат Сейітбекұлы. Облыстық перинаталдық орталықта өткен телекон-ференцияда байланысқа шыққан медбикелер алқасы Патшалығының алғашқы медициналық-санитарлық көмек және патронаждық қызмет департаментінің басшысы Кэтрин Йейтске Royal College of Nursing (RCN) – медбикелер алқасы Патшалығының колледжі әлемдегі ең таңдаулы орта буынды медицина қызметкерлерін кәсіби біліктілігі мен шеберліктерін арттыратын мекеме екенін айтып, оқу орнының жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, бүгінде колледжде 435 000 жоғары білікті медбике, акушер, фельдшерлер мен медициналық колледж студенттері оқитын көрінеді.

Толқын Өмірбаева, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығының жетекшісі.

Ұқсас жаңалықтар