«Прима» би мектебінің ашылғанына көп уақыт өте қоймаса да, хореографтар Диана Жақиянова мен Нұргүл Эдокованың жетекшілігімен жас бишілер бірқатар биікті бағындырып үлгерді. Облыстық деңгейдегі бірнеше байқауда топ жарған би тобы Астана қаласында өткен халықаралық IV «Феерия» би фестиваліне қатысуға бел шешеді. «Еуразия жұлдызы» жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізілетін бұл байқау әлемнің ең таңдаулы театрларының сахнасында ғана ұйымдастырылатынымен ерекшеленсе керек. Әлемнің әр елінен мыңдаған жас таланттардың басын қосқан осы байдауда «Прима» бишілері бірінші орынды иеленіп, облыс мерейін асырып қайтты. «LUCKY PEOPLE» халықаралық өнер және спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шара жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен қатар, жас таланттардың өнерін шыңдап, оларға шабыт берді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




