«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ақынның қос жинағы жарық көрді

Ақынның  қос жинағы  жарық көрді
ашық дереккөз
Ақынның қос жинағы жарық көрді

Ақын, журналист Байтанағали Төлентаевтың қос кітабы жарық көрді. Атап айтсақ, қаламгердің «Шахмат сыры» поэзиялық жинағы мен «Арайлы Олимпиада» арнау өлеңдер топтамасы көпшілік оқырманға жол тартып отыр. Астана қаласындағы «Мастер ПО» баспаханасынан шыққан «Шахмат сыры» кітабында ақынның тек қана шахмат туралы жазған өлеңдері, балладалары, сықақтары, тәмсіл, аңыз-поэмалары енген. Екі бөлімнен құралған жинақ бір тақырып аясында ғана жазылған екі жүзден астам шығармадан тұратындығымен ерекшеленеді. Ой мен сананың биік қабілетін, шыдам мен шеберлікті шыңдайтын ойын туралы түрлі тың мағлұматтар мен деректер берілген автордың бұл дүниесі оқырмандарды қызықтырары сөзсіз. «Үйретеді шахмат көпті елеуге, Мақтану да жоқ мұнда, өкпелеу де! Биігіңе ұмтылсаң сабыр сақтап, Шығарады бір күні ол Көктөбеге!..» – деген секілді әдемі шумақтарымен ақын шахматтың сан қырлылығын өлең етіп өрген. Сондай-ақ, ақын жергілікті «Формат-Принт» баспасынан жарық көрген «Арайлы Олимпиада» деп аталатын екінші кітабында еліміздің, облыс спортшыларының жеңісін шабыттана жырлайды. Атап айтсақ, автор бұл жинаққа облыстан және өзге де өңірден шыққан бірқатар олимпиадашыларға арнаған арнауларын енгізген. Сонау Мәскеу Олимпиадасынан бастап, соңғы Рио Олимпиадасына дейінгі қатысушылар мен жеңімпаз, жүлдегерлердің жетістігін жыр еткен ол бұл жинаққа спорт туралы шағын анекдоттарын да енгізіпті.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар