«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Анастасияның асуы – 123 балл!

Анастасияның  асуы – 123 балл!
ашық дереккөз
Анастасияның асуы – 123 балл!

ҰБТ-ның алғашқы күні талапкерлер үшін аса сәтсіз бола қойған жоқ. Өз білімін дәлелдей алмағандар да, сынақтан сүрінгендер де кездескенімен жолы болып, жүзден жоғары көрсеткішке қол жеткізгендер бар. Аудандарда 122-120 баллға дейін жинағандар да болды. Ал облыстағы ең жоғары нәтижеге Тараз қаласындағы №1 гимназияның түлегі Анастасия Хан ие болды. «Анастасия – озат оқушы. «Алтын белгіге» үміткер еді, өз білімін дәлелдеді. Біз оның ҰБТ-дан жоғары балл алатынына сендік. Ол биыл республикалық пәндер олимпиадасына химия пәнінен қатысып, алтын медаль жеңіп алған болатын», – дейді №1 гимназияның директоры Ләззат Әбілдақызы. Анастасиямен кездесіп, аз-кем әңгімеге тартып, тестілеудің қалай өткені жайлы сұрадық. – Мен үшін тестілеу тапсырмалары аса қиындық туғыза қойған жоқ. Тек қана «Қазақстан тарихынан» екі сұраққа жауап бере алмадым. Сынама тесттерінде 120-дан астам балл жинап жүргенмін. Сол межеден көріндім. Жақсылап дайындалған оқушыға ҰБТ ауыр сынақ емес, – деді Анастасия өз ойымен бөлісіп. Анастасияның анасы Мария Анатольевна қызы үшін уайымдағанын айтады. «Таңмен таласа тұрып, ТарМУ-дың гидрокешені маңында жүрдік. Қызым тест тапсырып шыға салысымен-ақ, «Алтын белгіні» ақтағанына, өз білімін дәлелдегеніне сенімді болды. Бәрі баланың ынтасы мен мектебіне, ұстаздарына байланысты ғой. Әлия Тұмабекова басқарған гимназияның білімі жақсы болатын. Қазіргі директор да мектеп көрсеткішін сол деңгейден түсірмей келеді», – дейді анасы.

Ардақ Үсейінова,

"Ақ жол".

Ұқсас жаңалықтар