Болашағымыз білімді ұрпақпен нұрлы
Әркімге өз Отаны қымбат. Бізге де тәуелсіз Қазақстанның әр сәтті қадамы бәрінен де бағалы. Ұстаздар қауымы мұны көңілге мықтап түйіп жүреміз. Біздің елдің халқы – қаһарман, ұлдары – қайсар, қыздары – намысты. Еліміздің жан-жағына жұпарын сыйлаған әсем гүлдер секілді жайқалып өркендеп келе жатқаны, міне, осындай биік болмысымыздан деп білемін.
Елбасы табандылықпен елімізді осындай ғажайып дамуға, өркендеуге жеткізді. Ендігі жас ұрпаққа жүктелетіні – өз Отанын құрметтеу, осы қол жеткен құндылықтардың бағасын білу. Сонда аға ұрпақтың ісін жалғаған ер мінезді, жігерлі, қайсар буын қалыптасады.
Білімді ұрпақ дайындауға Жамбыл политехникалық колледжінің ұстаздары да үлес қосуда. Колледжіміздің директоры, педагогика ғылымының кандидаты Жанар Орынбаева әр оқытушы, әр студенттің ізденіп жүруіне үнемі көңіл аударады. Жақында колледжімізде патриоттық шараларға арналған онкүндік өтті. Бұл шараға Жанар Рымбекқызы өзі жетекшілік етті. Әсіресе, «Президентім – менің мақтанышым!» атты патриоттық акция жоғары деңгейде өтті. Белсенді студенттердің Елбасыға деген алғыстарын, шынайы құрметтерін сезіндік. «Студенттердің үштілділік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» де қатысушылар аз болған жоқ.
Акция аясындағы «Елдің жарқын болашағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция сәтті жалғасын тапты. «Информатика ағылшын тілінде» тақырыбындағы пәндік олимпиада нағыз жүйріктерді анықтады. Өзге де мәдени-әдеби іс-шаралар көпшіліктің назарын аударды. Колледж кітапханасында кітапханашылар патриоттық көрме ұйымдастырды. Онда елімізді өркендеуге бастаған Елбасының ғажайып ерліктерін, ерен еңбектерін айғақтайтын дүниелер қойылып, облысымыздың да жетістіктері көрсетілді. Тамашалаушылар үшін мұның да мәні үлкен болды.
Патриоттық шараға қатысқан барлық оқытушылар мен студенттер Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктерін жүректерімен сезінді. Акцияға белсенді қатысқандар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
Балжан Болатбекова, Күмісай Сейтниязова, Жамбыл политехникалық колледжінің оқытушылары.
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімнің мүддесін қорғауда үлкен рөл атқарып келеді
- 15 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




