жас ақындардың ұжымдық жинағы жарық көрді
Поэзияның қашанда талабы биік, жолы ауыр. Дегенмен, өлең патшалығына біршама танылып қалған немесе жаңадан қадам басып жүрген талапкерлер біздің өңірде баршылық. Міне, осы жас ақындардың «Өрімтал» атты жыр жинағы Алматыдағы «ҚазАқпарат» баспасынан 500 данамен жарық көрді. Бұл жинаққа облыс аумағында тұратын 28 жас ақынның жырлары енген. Кітаптың соңғы бөлімі өмірден ерте озған Бауыржан Үсенов, Артығали Ыбыраев, Өрнек Құлекеев, Салтанат Абашова секілді таланттардың жырларымен толықтырылыпты. Кітаптың құрастырушысы – жас әдебиетші Мадина Мақашева. «Өрімтал» жыр жинағының тұсаукесер салтанатты рәсімі Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының оқу залында өтті. Жас ақындар мен жиын қонақтарына жаңа жинақ таратылып, шайырлар жаңа жырларын шабыттана оқыды. Кітап облыс кітапханаларына да жететін болады.
Е.Жаңабайұлы, журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




