Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Астана кештері» III халықаралық өнер фестивалі биыл 20-22 маусым аралығында өтеді. Аталмыш фестиваль аясындағы үш концертке Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан және Италияның танымал орындаушылары қатысады. Олардың арасында Лариса Долина, Олег Погудин мен Нино Лежава бар. Ал концерттердің бәрі life форматында өтеді. Айта кетер жайт, «Астана кештері» III халықаралық өнер фестивалі қайырымдылық шарасына жатады. Билеттер тегін таратылады. Фестиваль ұйымдастырушыларының мақсаты – тұрғындардың түрлі әлеуметтік топтарын әлемдік музыка жауһарларымен сусындату. Осыған дейінгі өткен екі фестиваль сәтті ұйымдастырылды. Оның біріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Қазіргі жоба бұрынғыдан да ауқымды әрі жан-жақты болады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа үйлерде пошта жәшігі неге жоқ?
- 9 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




