«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Білімді ұрпақ – болашақ тірегі

Білімді ұрпақ – болашақ тірегі
ашық дереккөз
Білімді ұрпақ – болашақ тірегі

Бүгінгі күні ел болып атап өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңындағы «25 жұлдызды күн» аясында біздің «Тараз-Ғасыр» колледжінде де көптеген тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Жалпы білім беретін және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» және «Кәсіптік және арнайы пәндер» кафедрасында туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етіп, қуатын арттырып, оның игілігін, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге, ата-баба жолымен алған тәуелсіздігімізді қадірлеу, қастерлеу, тұмардай қасиет тұтуға парыздар ұл-қызды тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты айтулы іс-шаралар өтті. Мерейтойға арналған жұмыс жоспарында бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде денсаулық, саламатты өмір, мәдениет пен әдебиет, тарих, өнер, заң, қайырымдылық тақырыптары толық қамтылды. Елбасының «Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешетін беттен қарар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз» деген қанатты сөзін қайрақ етіп, болашақтың патриоттарын тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шаралар «Мәңгілік Ел – нұрлы болашақ» атты «дөңгелек үстел», «Нұрлы Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» интеллектуалдық сайысы, «Тәуелсіз Қазақстаным» атты кітап көрмесі, «Тұғыры биік елімнің мақтанышымын» флеш-мобы мен «Жастар бейбітшілікті қолдайды» акциясына ұштасып жатты. Заң, медицина саласының озық қызметкерлерімен, белгілі ақындармен, Отан қорғаушылармен кездесулер ұйымдастырылып, Жамбыл медициналық колледжінің өкілдерімен кездесіп, білімгерлер баскетболдан дүбірлі дода ұйымдастырды. Елінің берекесі кетпеген, тату-тәтті халқының мерекесі еш шектелмеген, пейілі кең, қазақ елінің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын деп тілейміз. Осы Тәуелсіздігіміздің тірегі қашанда білімді ұрпақ екенін ұмытпағанымыз жөн. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім». Ал ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды!

Ұлбосын ДЕРБІСАЛИЕВА, «Тараз-Ғасыр» колледжінің бөлім меңгерушісі.

Ұқсас жаңалықтар