Еуразиялық экономикалық одақтың тұсауы кесілген шаһар ретінде тарих бетіне алтын әріптермен жазылып қалды
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Мәскеуде немесе Минскіде емес, Қазақстан Республикасының елордасы – Астанада қол қойылуы әділдіктің салтанат құруы деп ойлаймын. Тереңнен қозғап, алыстан болжайтын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 20 жыл бұрын айтқан идеясы іс жүзінде осылайша орындалды. Еуразия құрлығының ортасында орналасқан Арқа төсіндегі айшықты шаһарға шартқа басшылары қол қойған үш мемлекеттің ғана емес, дүниежүзінің халқы көз тікті. Әлем назар аударып қана қойған жоқ, әлемдік саясатта салиқалы орны бар саясаткерлер, тарихшылар, оқымыстылар, дүниенің төрт бұрышынан да тарихи сәт басталмай жатып-ақ пікірлерін ақпарат құралдары арқылы жарыса беріп жатты. Аузымен құс тістеген небір мықтылардың өзі Елбасымыздың көрегендігіне тәнті болып жатқанда барша қазақстандықтар іштей тәуба десті. Қашанда мықтыны мықты мойындауы заңдылық. Қазақстан Президентінің данышпандығын әлем тағы бір мойындады.
Шартқа қол қою рәсімі кезінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «...Еуразиялық экономикалық одақты құру біздің экономикамызды жан-жақты жаңғыртуды жалғастыру, елдерімізді әлемдегі жетекші орындарға шығару үшін қуатты серпін беретініне сенімдімін» деп атап көрсетті. Одаққа алдағы уақытта Арменияның қосылуы туралы тармақ қарастырылған. Ал, Қырғызстан болса Еуразиялық экономикалық кеңес мақұлдаған Кеден одағына қосылу жөніндегі жобаны қолдағанын еске алсақ, Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері құрған одақтың құрамының әлі ауқымды болатынын болжау қиын емес.Себебі, бүгінгі таңда тауарлар мен қызметтің, капитал мен жұмыс күші еркін болуы үшін барынша жағдайлар қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы немесе интернеттегі хабарларға қарағанда, тауар айналымындағы өсімге көз жеткізуге болады. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне қарағанда, кейінгі үш жылдың өзінде Қазақстанның Ресейге жеткізетін тауары 10 пайызға көбейген. Хош, сонымен мемлекетіміздің экономикалық әлеуеті қарыштап өсетін болды. Соның нәтижесінде қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсарады. Бірлескен кәсіпорындардың саны арта түседі. 170 миллион адам мекен ететін үлкен нарықта инвестициялар тарту, техникалар мен технологиялар алмасу қарыштайды. Осы интеграцияның арқасында өнім өндіруде бәсекелестік артады. Оның қалыптасуы тауар сапасының артуына, одан барып елді арзан тауармен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Ресей және Беларусь кәсіпорындарымен бірлесіп өндіріс орындарын ашуға кеңінен жол ашылады. Қазірдің өзінде Кеден одағы аясында бірлескен кәсіпорындар құрылып жатыр. Бұл–жас болса да халықаралық аса ауқымды шараларды өткізуде мол тәжірибе жинап үлгерген елордамыз үшін де аса маңызды. Әсіресе, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге кызу дайындыққа кіріскен шақта қажет-ақ. Ал, облысқа келетін болсақ «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы» аясында атқарылып жатқан жұмыс қарқынды. Бағдарлама қабылданғалы бері 27 инвестициялық жоба іске асқанын еске алсақ та жеткілікті шығар. Жалпы құны 100,5 миллиард теңгені құрайтын осы жобалардың іске асуымен 4000-ға жуық жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта жүзеге асатын жобаларда елімізде бұдан бұрын шығарылмаған энергияны сақтайтын жарық диодтық шырақтары, парфюмерия өндірісіне арналған сафлор майы, бір рет пайдаланатын медициналық бұйымдар, натрий, гексаметафосфаты, полиметалдан жасалған құрылыс материалдары және басқа да өнімдерді өндіру қарастырылған. Бұл өнімдер Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы Ресей мен Беларусь нарығына да шығатын болды. Өңірдегі аса ірі салық төлеуші, іргелі кәсіпорын «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі екі мемлекетке өнімді бұрынғыдан да көп жөнелтуге белді бекем буып отыр. Ресейдің дүниежүзіне мәлім алып компаниясы – «ЕуроХим-Тыңайтқыш» ЖШС болса кәрі құрлықтың нарығын түгелдей қамтуға бар. Біз негізінен одақтың экономикалық тұрғыдан ғана пайдалы жақтарын там-тұмдап сөз еттік. Оның білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт, басқа да толып жатқан салалар үшін де тиімді екенін осы салалардың саңлақтары мен жетекшілері, өкілдері айтып жатыр.
Мұхтар ТӨЛЕУЛИЕВ, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Әлеуметтік әмиян: 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды
- 24 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді