«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қылышбековтің кірпіш зауыты

Қылышбековтің кірпіш зауыты
ашық дереккөз
Қылышбековтің кірпіш зауыты

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу» деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді-өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды» деген болатын. Осыны басшылыққа алған кәсіпкер Дүйсенби Қылышбеков «Даму» қорынан несиеге 64 миллион теңге қаражат алып, Ақыртөбе ауылы маңынан кірпіш зауытын соқты. Тәулігіне 70 мың кірпіш шығаратын зауытта бүгінде 50 адам жұмыс істейді. Зауыт басшылығы кірпіш бағасы 16-20 теңге аралығында өткеріліп жатқанын айтады. Бұл – нарықтағыдан едәуір төмен баға. – Мемлекет еңбек етемін, тірлік жасаймын деген адамға қолдау білдіріп, бар мүмкіндікті жасап отыр ғой. Мұндайда қол қусырып қалай отыруға болады? Мен де мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысудамын. Рас, биылғы көктем айындағы үздіксіз жауған жауын-шашын жұмысымызда біраз қиындықтар да туғызды. Қолға алған кәсібіңді бірден дөңгелентіп әкетуің қиын. Төзім мен жігер керек мұндайда. «Әр қиындықтың бір қайыры болады» демекші, қазір жағдайымыз жаман емес. Күніне 70 мың кірпіш шығарылуына қол жеткізіп отырмыз. Сапасы жақсы, ыңғайлы, арзан тауар өтімді келеді. Біздің де өнімімізге сұраныс көп. Әкем менің «Жеттім деме, жығыларсың, толдым деме, төгілерсің» деген нақылды құлағыма құйып өсірді. Алдағы уақытта шағын кәсіпорнымыздың өндірістік қуатын еселеп арттыруды көздеудеміз, – дейді зауыт басшысы. Міне, тәуекелге бел буған кәсіпкердің бүгінгі тірлігі көпке үлгі боларлықтай. Ауылдастарының біразын тұрақты жұмыс орнымен қамтып, өзі де кәсібінен нәсібін тауып отыр.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ, журналист.

Т.Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар