Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күн аясында «Сарыарқа» күйін орындаудан домбырашылардың флэш-мобы өтті. «Скиф Трейд» сауда орталығында өткен шара барысында бір мезетте 80 өнерпаз қазақтың қара домбырасымен Құрманғазының атақты күйін күмбірлетіп, 200-ге жуық тыңдарманға әдемі әсер сыйлады. Флеш-моб алдында облыстық филармонияның қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі және Тараздағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Атап айтсақ, бұл күні сауда орталығына келген қала тұрғындары мен қонақтары Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы С.Мұхамеджановтың «Шаттық-Отан», Ә.Желдібаевтың «Әулиеата», Құрманғазының «Балбырауын», М.Әубәкіровтың «Талас», Н.Тілендиевтің «Махамбет» сынды күйлерін тыңдаса, «Алатау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен филармония әншілерінің орындауындағы халық әндерімен құлақ құрышын қандырды. Жұртшылық концерт барысында әртістермен бірге қосылып Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін бірге орындағаны да жарасымға ие болды. Сауда үйіндегі өткен думан «Сарыарқа» күйімен өз мәресіне жетті. Қызықты өткен флеш-моб баршаға патриоттық сезім, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.
Жанғазы Ахмет, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




