Жеке кәсібін ашқысы келетіндерге қолдау бар
Талас ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда көптеген жұмыстар атқарылуда. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыссыздар қатарына тіркелген азаматтарға ақыл-кеңес беріп, өз ісін ашуға, мамандық алуға, біліктілігін арттыруға жағдай жасап, көмектесуде. Биыл ауданда «өз ісімді ашамын» деген біраз азамат жеңілдетілген несие алып, өз істерін бастады. Солардың бірі – Тамды ауылының тұрғыны Жасұлан Сейдуалиев. Ол 3 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, оған 12 бас жылқы алып бордақылауда. Тұрақты жұмысқа бір адам қабылданған. Сол сияқты Майтөбе ауылының тұрғыны Нұрлан Жұмақұлов алған 3 миллион теңге несиесіне 150 бас қой сатып алып 1 адамды жұмысқа қабылдады.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша Қаратау қаласының тұрғыны Нуриддин Мұхамеджан жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша Тараз сервис және технология колледжінде «Шаштараз-модельер» мамандығын оқып шықты. Қазіргі кезде «Гүлмира» шаштаразында тұрақты еңбек етуде. Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген жас маман Сая Құлтаева Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша Д.Қонаев атындағы орта мектепке уақытша жұмысқа жіберілген болатын. Мерзімі біткен соң мектеп ұжымының ұсынысы бойынша балалар мен жасөспірімдер орталығына мұғалім болып тұрақты жұмысқа орналасты.
Мемлекеттік бағдарламамен несие алған және тұрақты жұмысқа орналасқандар Елбасына өздерінің шексіз алғыстарын білдіруде.
Ернұр ЕРКЕБАЕВ,
аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




