Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Жастар мәңгілік елді жырлайды» атты облыстық жабық жыр мүшәйрасын өткізді. Байқауға аудандар мен Тараз қаласынан 18 бен 35 жас аралығындағы 17 талапкер қатысқан. Жыр бәйгесіне қазылар алқасының төрағасы болып жазушы Пернебай Дүйсенбин, ақын, облыстық «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі Табиғат Абаилдаев, облыстық «Арай» газетінің бөлім меңгерушісі Хамит Есаман қазылық етті. Жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады. Бас жүлде М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті Жанна Бахатайға бұйырса, І орынды қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Нұржан Қадірәлі, ІІ орынды М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті Құрбанәлі Шахабаев, ІІІ орынды Сарысу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Самат Тоқбанов иеленді. Жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шара Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тарихи мәні мен сипатын ашу, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын арқау ету мақсатында өткізілді.
Фариза айтбек, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ана тақырыбы - мәңгілік
- 8 қараша, 2025
Жамбылдық жас өрен айтыстың «Қола домбырасын» иеленді
- 4 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




