Тынық мұхит альянсының мемлекеттері – Чили, Мексика, Перу, Колумбия мен Барбадос ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады. Енді көрмеге қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті. Көрмеге қатысатындығын растаған мемлекеттердің пікірінше, оның «Болашақ энергиясы» тақырыбы Тынық мұхиты альянсы мемлекеттері үшін өзекті. Өйткені, онда баламалы энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін белсенді түрде зерттеуде. Мысалы, тау-кен қазу өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан Чили мемлекеті күн және жел энергиясын жиі пайдалануға көшуде. Сонымен қатар, Перу – Гидроэнергетикалық ресурс, табиғи газ, газдық конденсат қорының мейлінше мол екендігіне қарамастан күн, жел және геотермалды энергияны пайдалану саласын жетілдіруде. Колумбия – күн энергиясы негізінде өз автокөлігін шығарған мемлекет, оның сондай-ақ, баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауқымды әлеуеті бар. Мексика – мұнай өндіруші мемлекет әрі энергияның жаңа көздерін табуда белсенді іздестірулер жүргізуде. Аталған өңірде жасыл энергияны өндіруде әлемдік лидер болып танылған – Коста-Рика да орналасқан. Олар баламалы энергия көздерінің 90 пайызын пайдаланады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді