«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Нұржанның ЖЫР БҰЛАҒЫ

Нұржанның ЖЫР БҰЛАҒЫ
ашық дереккөз
Нұржанның ЖЫР БҰЛАҒЫ

«Жуалының түкпірінде ауыл бар, Ей, бұлттар сонда барып жауыңдар. Сол ауылда қыдыр дарып, бақ қонған, Ағайын бар, ауылдас бар, бауыр бар», – деп жасын ғұмыр иесі, аса дарынды ақын Бауыржан Үсенов жырға қосқандай, аудан орталығынан шалғайда жатқан Қошқарата ауылына Жаратқан Иеміз көркем табиғат пен талантты перзенттерді сыйлаған. Студент шағында-ақ «Ақ бидай» деп аталатын роман жазып, әдеби орта мен оқырманды таңғалдырған жазушы Әміртай Бөриев және Талғат Айтбайұлы, Алпысбай Шымырбайұлы, Қасым Әзімхан, Бауыржан Үсенов сынды ақын-жазушы, журналистерді түлеткен қасиетті ауыл бұл. Осынау ел сыйлаған, әдеби ортаны мойындатқан қаламгер азаматтардың жолын бүгінде жас буын жалғастырып келеді. Таланттар қанат қаққан қасиетті Қошқарата ауылының тумасы, жас ақынның бірі – республикалық жас қаламгерлер фестивалінің лауреаты, Шәкен Айманов атындағы сыйлықтың иегері, аудандық «Жаңа өмір» газетінің тілшісі Нұржан Манасұлының осы ауылда шығармашылық кеші өтті. «Қошқаратаның жыр бұлағы...» деп аталатын кешті ауылдағы №9 Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және бірқатар аудандық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, жас ақын Әуесхан Үркімбаев Бауыржан Үсеновтің «Самғау» өлеңімен ашты. Одан соң ақынның анасы Тәттікүл Бимырзақызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Бейбіткүл Игілікова және Мөлдіркөз Кенжебекова сөз алып, кеш иесіне жылы лебіздерін білдірді. Мектеп оқушылары Н.Манасұлының өлеңдерін оқыса, Жолтай Сымбат, Көшкінбай Эленора сынды өнерлі жеткіншектер әуелете ән шырқады.

Жұлдыз БӘЙМЕНОВА, аудандық жастар ресурстық орталығының Қошқарата ауылдық округіндегі жастар ісі нұсқаушысы.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар