«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бүлдіршіндер байқауы ел Тәуелсіздігіне арналды

Бүлдіршіндер  байқауы  ел  Тәуелсіздігіне  арналды
ашық дереккөз
Бүлдіршіндер байқауы ел Тәуелсіздігіне арналды
Бұл мерекенің барша қазақстандықтар үшін мәні зор. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойының мән-маңызын, әсіресе, жас ұрпаққа жете түсіндіру қажет. Осы тұрғыдан алғанда, балабақша балғындары арасында өткен «Жұлдызды сәт» атты облыстық фестивальдің бүлдіршіндер көңіліндегі айтулы күннің айбынын арттыра түскені анық. Тараз қаласындағы «Інжу» балабақшасында өткен байқауда Тараз шаһарындағы 8 балабақшаның кішкентай өнерпаздары бақ сынады. Әр балабақша тәрбиеленушілері «Шоқ жұлдыздар», «Күншуақ», «Еркежан», «Болашақ», «Самұрық», «Ер Төстік», «Балдәурен», «Тәуелсіздік інжулері» топтарын құрып, өзара жарысқа түсті. Топтардың өзін-өзі таныстыруы, фестиваль тақырыбының аясында қойылым көрсетуі, концерттік бағдарламалары, экологиялық табиғи өнімдерден жасалған сән үлгілері – бүлдіршіндердің сан қырлы өнерлері бар екенін көрсетті. Бүлдіршіндердің өнерін облыс әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шахризада Усерова мен аталмыш кабинеттің әдіскері Айгүл Қатабаева, Меркі аудандық «Қарлығаш» балабақшасының саз жетекшісі Ұлжан Қойлыбекова сынды қазылар алқасы бағалады. Балғындар қазақ композиторларының Отан, ана, туған жер және балалық шақ тақырыптарына арналған әндерін нақышына келтіре орындап, би билеп, өнер көрсетті. Қазылар алқасы жас орындаушылардың өнерін, сахнада өзін-өзі ұстауы, киім кию, сырт келбеті бойынша бағалап отырды. Байқау қорытындысы бойынша, үшінші орынды №39,35,16 балабақшалардың өнерпаз топтары өзара бөліссе, екінші орынды №18,9,33 балабақша тәрбиеленушілері иеленді, ал бірінші орынды «Інжу» балабақшасы жеңіп алды. Байқаудың бас жүлдесіне №28 балабақшасының «Болашақ» тобы лайық деп танылды. Байқау жүлдегерлері Алғыс хат­тармен марапатталып, сый­лыққа түрлі ойыншықтар алды.  

Наурызбек сарша, «Ақ жол».

Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.

Ұқсас жаңалықтар