Алтын жұлдызды ұстаз

Алтын жұлдызды ұстаз
ашық дереккөз
Алтын жұлдызды ұстаз

«Атамұра» баспасынан Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті педагог ұстаз Аягүл Миразованың педагогтық тұлғасы қамтылған «Алтын жұлдызды ұстаз» атты кітап жарық көрді. Кітаптың өне бойы ол туралы әркезде жарияланған материалдарды ұсыну арқылы баян етіледі. Онда қазақ мектебінде білім берудің озық үлгілері кеңінен қамтылған. Сондай-ақ мектеп басқару өнерінің үрдісіндегі идеологиялық, әдіснамалық негіздер, этно-педагогика, дәстүрлі педагогика және қазіргі педагогика үлгілері көрініс тапқан. Жуалы жерінен түлеп ұшқан қазақтың аяулы қызы жайлы оның шыққан ортасы ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі, қанат қаққан білім ошағы жайлы кеңінен баяндалған. Ұстаздық жолындағы ерен еңбегі айшықталып, бір топ Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлерінің А.Миразованың жас ұрпаққа білім берудегі айрықша еңбегіне берген бағасы қоса берілген. Алтын жұлдызды ұстаз еңбек ететін Алматы қаласындағы А.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның жетістіктері, онда жұмыс жасайтын ұстаздар қауымының жаңашыл еңбек жетістіктері жан-жақты айтылады. Бұл оқу орнының республика мектептері арасында көшбастаудағы сырымен қанығамыз. Еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық саласына сіңірген айрықша еңбегі үшін Қазақстанның Еңбек Ері атанған Аягүл Миразованың отандық білім беру саласындағы сіңірген еңбегі кеңінен қамтылған кітап ұстаздық мамандықты таңдаған студенттерге, педагогикалық қауымға және жалпы көпшілікке арналған. Кітапты баспаға әзірлеген Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, Жуалы ауданының Құрметті азаматы Сәбит Дүйсебаев.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар