«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дамуымыз – білімді жастардың қолында

Дамуымыз – білімді  жастардың қолында
ашық дереккөз
Дамуымыз – білімді жастардың қолында

Бүгінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясындағы іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өткізілуде. Әрине, бұл тарих үшін көп уақыт болмаса да, осы жылдар ішінде еліміз толағай табыстарымен әлемді тамсандырғаны баршаға аян. Мұның барлығы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты мен ерен еңбегінің арқасында жүзеге асып отырғаны даусыз. Сонымен қатар, 5 институционалдық реформа – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының іске асырыла бастауы Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі жолындағы дәйекті де сенімді қадамы болып табылады. Бағдарламада Ұлт Көшбасшысы ғылым мен білімді дамытуға баса көңіл бөлді. Бұл ретте техникалық білімді дамытуға ерекше ден қойылуда. Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығының нәтижелері бойынша да бірқатар ауқымды көрсеткіштерге қол жеткізілмек. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жобалары үшін кадрлар даярлау деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Соның ішінде Ұлт жоспарының 77-қадамында экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату белгіленген. Елбасымыздың осындай қағидаларын басшылыққа алған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті технологиялық факультетінің ұжымы білікті де сапалы мамандар даярлауда аянбай еңбек етіп келеді. Факультетішілік көптеген ауқымды іс-шаралар өткізіліп тұрады. Соның бірі ретінде «Индустриялық-инновациялық даму жолдары» атты тақырыпта ұйымдастырылған «дөңгелек үстелді» ерекше атап өтуге болады. Оны өткізуде жастардың инновациялық дүниетанымын, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мақсаты көзделді. Факультет деканы, экономика ғылымының докторы профессор Әнуарбек Әймен жаңа заман талабына жауап бере алатын ұлттық кадрлар құрамын жасақтау, олардың білімі мен білігін арттыратын кешенді шараларды іске асыру, ғылыми ізденістерді ең өзекті мәселелерге, шешуші салаларға бұру, ел экономикасының, жалпы халықтың жасампаздық әлеуетін өсіру қажеттілігі тұрғысында жан-жақты әңгімелеп берді. Одан әрі стандарттау, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі кафедрасының доценті Майра Туралина қонақжайлылық индустриясының перспективтік бағыттарын дамыту жайын сөз етті. Сондай-ақ, студент Аида Жылқайдарованың баяндамасы тыңдалды. Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауында «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз тұрақтылық, білегіміз – бірлік» деп атап көрсеткеніндей, бүгінгі жастарымыздың бойында Отанымызды, елді, жерді сүю сезімін қалыптастыруға тиіспіз. Олардың Тәуелсіздігіміздің ғұмырлы һәм тұғырлы болуы жолында аянбай еңбек ететіндеріне де сеніміміз мол.

Саят МАМЕШОВА, ТарМУ технологиялық факультеті деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар