«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

Төртеу  түгел болса, төбедегі келеді
ашық дереккөз
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді

Оған «Төлеген» шаруа қожалығының тәжірибесі дәлел

 Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында-ақ заман көші қайда қозғалып бара жатқанын аңғарған іскер азаматтар ауылда да аз болмаған. Сондай жаңашылдардың қатарына 1995 жылы «Тырнақбай» шаруа қожалығын құрған, Түктібай ауылының тұрғыны Қуатбек Төлегеновті қосуға болады.

Қуатбек ақсақалдың бұл іске ауылдастарының алды болып тәуекел етуі бекер емес. Құдай берген перзенттерін жетілдіру оңайға соқпайтынын түсініп, он ұл-қызын тарықтырмаудың, оларды еңбекке баулып өсірудің қамына ерте кіріскен. Арада жыл өткенде өздері ескі бөлшектерден жинақтап, трактор құрастырып алды. Осы жылы 20 гектарға егілген бидайдан 40 тоннадай өнім алғаны бар. Ол бір барша жұрттың есінде қалған елең-алаңдағы қиын жылдар еді. Қуатбек әлгі өнімін диірменге тартқызып, дайын ұн етіп сатты, ауыл адамдарына арзанға ұсынды. Әйтеуір, қиын шақта отбасын да ешкімге жәутеңдеткен жоқ, ауылдастарға да көмегін көрсетті. Екі-үш жыл ақ егістен алған өнімі бір төмендеген жоқ. Ұлдарын бір жағына ала жүріп, егіншілік пен техника тілін білуді үйретті. Тірлігіне сүйеу болған асыл жары Жаңакүл Төлегеноваға да риза. Осы күні ақсақал ерте жасаған тәуекелшіл қадамының жемісін көріп отыр.

Есет Досалы. «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар