«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кәсіпкерлерге артар сенім мол

Кәсіпкерлерге артар сенім мол
ашық дереккөз
Кәсіпкерлерге артар сенім мол

dsc_00291 20160802093748Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барлық қолайлы жағдайлар жасалуда. Осы саланы мемлекет әлеуетін арттырушы буын ретінде қалыптастырып, елімізді индустрияландыру Елбасының биылғы халыққа Жолдауында тағы да атап өтілді. Бұл мәселе бес халықтық реформадағы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында да көрініс тапқан. Қазіргі күні елімізде іске асырылып, өзінің өміршеңдігін көрсеткен кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие, көмектер алып, өз кәсібін өркендетіп жатқан құландықтар қатары өсуде. Аудан бойынша тіркелген барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылы 3433 болса, ағымдағы жылдың жартыжылдығында бұл көрсеткіш 145 пайызға артып, 4967-ні құрады. Өз кезегінде өткен жылдың алты айында шағын және орта кәсіпкерлік саласы 1 миллиард 742,5 миллион теңгенің өнімін өндірсе, осы жылдың жартыжылдығында 2 миллиард 587,8 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 148,5 пайызға өсіп отыр. Аудан аумағында тіркелген өнеркәсіп кәсіпорындары арасында Луговой компрессор стансасы, «GOLDEN COMPASS CAPITAL» АҚ, «Азия Газ Құбыры», «Луговой жылқы зауыты», «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны» ЖШС-тары жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Өнеркәсіп орындарында барлығы 870 адам жұмыспен қамтылған. Аудан бойынша ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығына «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының несиені субсидиялау және кепілдік беру тетіктері арқылы қаржыландыруға 7 жоба, өндірістік инфрақұрылым жүргізу тетіктері арқылы қаржыландыруға жалпы сомасы 120 миллион теңгені құрайтын 4 жоба енгізілді. Осы орайда елімізде қарқынды іске асырылып отырған 2016-2017 жылдарға арналған «Индустрияландыру картасы» бойынша да ауданда қолға алынған жобалар аз емес. Соның бірі – «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ның Малдыбай астық қабылдау пунктінде іске қосылған мал азығына қажетті ұсақталған құрама жем дайындау зауыты. Жобалық құны 435,6 миллион теңгені құрайтын зауыттың жобалық қуаты сағатына 15000 тонна құрама жем өндіруге есептелген. Екіншісі – Өрнек ауылдық округіндегі «Шәушен» шаруа қожалығының тау етегіндегі «Қымыз өндіру және өңдеу зауыты». Жобалық құны 300 миллион теңгені құрайды. Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында жеке кәсіпкер Д.Еркебаланов неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру кешені» жобасын іске қосу үшін жұмыстар жүргізуде. Жылына 10 мың тонна ет өндіре алады. Бүгінгі күні оны іске асыру үшін 80 гектар жер бөлінген. Жобаның іске асырылу мерзімі 2017 жылға жоспарланып отыр. Аудан аумағында туризм саласын дамыту ісі қолға алынып жатыр. Осы жұмыстар аясында аудан аумағындағы тарихи орындар мен ескерткіштердің, киелі мекендер мен табиғаты әсем жерлердің, тау, аңшылық, балық аулау, салт атпен және авторалли саяхаттарына қолайлы орындардың ауылдық округтер бойынша тізбесі мен «Туристік картасы» дайындалды.

Мұратбек АРЫСТАНБЕКОВ, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар