Қазақстан ДСҰ-мен келісімге қол қоюдың аз-ақ алдында - Е.Ыдырысов
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2014
- 735
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен келісімге қол қоюдың аз-ақ алдында. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға арналған брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
«Қазақстан да, Беларусь те Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылуды жалғастырады. Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан ДСҰ-мен келісімге қол қоюға жақындап қалды», - дейді Е.Ыдырысов.
Министрдің айтуынша, сауда бойынша қазақстандық өкілдер Ресей және АҚШ еліндегі әріптестерімен Женевада кездесуді жоспарлап отыр, онда Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша жүріп жатқан талқылаулар аяқталады деп күтіліп отыр.
«Біз бұл мәселе таяуда аяқталады деген үміттеміз. Содан кейін Беларусь мемлекетіне осы процестен өтуге көмектесуге әзірміз. Өйткені, ЕАЭО мүшелерінің жаһандық сауда ұйымына қосылуы біздің ортақ мүддеміз», - дейді ҚР Сыртқы істер министрі.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Made in KZ» көбейген сайын отандық бизнес дамиды
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




