Талапты -тас жарады
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде 16 үйірме жұмыс істейді. Жоғары санатты, білікті педагогтер жетекшілік ететін үйірмелердің жұмысы нәтижесіз емес. Салтанат Нақыпованың тәлімін алған «Жібек» бейнелеу өнері үйірмесінің шәкірттерінің қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардан жүлделі оралуы – соның дәлелі.
Дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, ән-би, көркемсөз, бейнелеу өнері арқылы ұлттық құндылықтарымызды мейлінше қадірлеп, құрметтеуге ықпал ету, талантты балалардың өнерін насихаттау мақсатында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ұйымдастырылған «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты республикалық жас таланттар байқауында да балалар үйінің өнерпаздары топ жарды.
Республикалық «Балдәурен» балалар шығармашылық орталығының ұйытқы болуымен өткен өнер додасында да біздің мекеменің жеткіншектері бейнелеу өнері және көркемсөз аталымы бойынша көзге түсті. Атап айтқанда, Салтанат Абдувахабқызының шәкірттері Руслана Яроваяның «Менің отбасым», «Бәйтерек», Анастас Калпакидидің «Алтын балық», «Бақыт құсы» атты еңбектері бас жүлдеге лайықты деп табылса, Мария Бруеваға «Су асты әлемі», «Күннің батуы» атты картиналары үшін бірінші орын берілді. Ал Фариза Оңғарсынованың «Мұқағали Мақатаев туралы жыр», «Туған жер» атты өлеңдерін оқыған Жұлдызай Сымбат та көркемсөз аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алып, мерейімізді үстем етті.
Майра Итқұлова,
Қ.Сарымолдаев атындағы
балалар үйінің әдіскері.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді