Жайылма – өнердің құты қонған ауыл. Осы өлкеде көптеген өнер адамдары дүниеге келіп, Отанымыздың мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне үлес косып келе жатқаны мәлім. Бүгінде Жайылма ауылдық балалар өнер мектебі сол аға буынның ізін басып өсіп келе жатқан ұрпақтың өнерін шыңдауда. Ұжымды білікті маман Әмірәлі Әбенов басқарады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республикалық «Балдәурен» балалар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты байқауға Жайылмадан бес бірдей өнерпаздың қатысуы өнер мектебінің нәтижелі жұмысын байқатады. Бұл байқау көркемсөз драма, вокал, би, дәстүрлі ән, бейнелеу өнері, қолөнер және өзге де аталымдар бойынша өтті. Өнер додасында бақ сынаған әр оқушы жас ерекшеліктеріне сәйкес кіші, орта, үлкен топтарға бөлініп, сынға түсті. Нәтижесінде қолөнер бағыты бойынша Баққожа Амангелдин бас жүлдені олжалады. Ал аспапта орындау аталымы бойынша Олжас Төлен жүлделі бірінші орынды еншілесе, домбырамен күйді шебер орындаған Әсел Сақтағанова екінші орыннан көрінді. Домбыраның шанағынан күй күмбірлеткен Балнұр Қалқаман мен Ұлпан Аманжолова үшінші орындарға лайық деп танылды. Шәкірттердің жетістіктеріне қолөнер пәні мұғалімі Қанат Байулиев, баян пәнінің мұғалімі Жанар Сабырбаева, домбырашылар Айнұр Қойлыбаева, Жансая Рахымжанова, Динара Қуандықованың қосқан үлестері қомақты. Жайылмадағы жеңімпаз және жүлдегер шәкірттер диплом, кубоктармен марапатталды.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді