Алматыны қаржы орталығы ретінде дамыту тұжырымдамасы қайта қаралды
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2014
- 259
2014 жылдың 1 желтоқсанында Алматы қаласын қаржы орталығы ретінде дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылдануы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Елбасының тапсырмасымен Үкімет отырысы өтті. Онда Алматының аймақтық қаржы орталығы ретінде даму мәселесі қаралды. Алматыда қаржы орталығын құру бастамасы, өкiнiшке қарай, осы уақытқа дейiн тиiстi деңгейде дамытылған жоқ. Сондықтан Үкiмет Ұлттық банкпен бiрге бұл бағыт бойынша бiрқатар нақты шешiм қабылдады. Алматы қаласындағы қаржы орталығының 2020 жылға дейiнгi даму тұжырымдамасы қайта қаралады. Бұл құжат 2014 жылдың 1-желтоқсанына дейiн қабылданады», - дедi Қайрат Келiмбетов.
Аталмыш құжатты даярлауға барлық мемлекеттiк органдар тартылып, Еуропалық қайта құру және даму банкi, Азия даму банкi, Дүниежүзiлiк банк, Ислам даму банкiнiң мамандары тартылады. Сонымен қатар, қаржы орталықтарының даму саласындағы жетекшi мамандар да бұл жұмысқа қатыспақ.
«Ауқымды жұмыстар 2004 жылдан бері атқарылып келеді. Дегенмен, Лондон, Гонгконг, Сингапур мен Дубай секілді үлкен қаржы орталықтарының дамуын зерттей келе, аймақтық қаржы орталығын Қазақстанда дамытуды қарастыруымыз керек. Ал бұл тәжірибеге сүйенсек, бізде экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болуы керек. Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің қазір елулігінде тұр», - деді Ұлттық Банк төрағасы.
Ақпарат көзі: www.baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді