
Республикалық «Тілдарын» олимпиадасы бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Үш тілді жетік білетін жастарды жан-жақты насихаттау мақсатын көздейтін аталған сайысты Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы әдістемелік орталығы ұйымдастырып жүр. Биыл бұл олимпиада Ақмола облысының аумағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығын екі күн бойы дүбірге бөледі. Олимпиада үш кезеңді құрады. Алғашқы кезеңінде әр өңірден жиналған полиглоттар берілген тақырыптың мазмұнын айтса, келесі кезеңде сол тақырыпқа эссе жазды. Ал соңғы сынақ барысында мәтінді ілеспе аударудан сынға түсті. Әрине, жүйріктерге қазылар алқасы жұмсақтық танытпай, қара қылды қақ жарып, әділ бағалады. Бұл олимпиадада біздің облыстың намысын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Шетел филологиясы және аударма ісі» мамандығының 2-курс студенті Аида Әмірова қорғаған болатын. Жерлесімізге сәттілік жолдас болды. Ол жоғарыда аталған сынақтардың барлығында жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сөйтіп, кіл жүйріктер іріктелген республикалық олимпиадада жүлделі екінші орынды иеленді. Осылайша, Аида ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында абыройымызды асқақтатып, Ақмола жерінен олжалы оралды.
Есет досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық болмысты ұлықтаған қаламгер
- 22 мамыр, 2025
Сәулетшілер қашанда қоғам сұранысында
- 22 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді