ЕАЭО-ның құрылуы теңгенің құнсыздануын тудырмайды - Е. Ыдырысов
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2014
- 793
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы теңгенің девальвациясын тудырмайды. Бұл туралы бүгін Астанада ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуына байланысты өткен брифингте ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
«Біздің (ЕАЭО) шартқа қол қойылуының салдарынан рубльдің, теңгенің немесе белорустық валютаның девальвациясын тудыратын қандай да бір себеп бар деп ойламаймын. Керісінше, біздің экономикалық әлеуеттің нығаюы валюталардың тұрақтылығын күшейте түседі», - деді Е. Ыдырысов.
Бұл тұрғыда министр ЕАЭО-ның қаржылық ұйымдары күрделі жағдайларда тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, ұлттық экономикалардың мүдделерін қорғауға қауқарлы болатынын қадап айтты.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




