2014 жылғы мамырда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,8%, азық-түлік емес тауарларына - 0,6%, ақылы қызметтерге - 0,3%-ға өсті.
Өткен айда республика бойынша орташа баға өсімі картопқа 14%, жаңа жиналған көкөністерге - 2,2%, сүзбеге - 1,8%, ірімшікке - 1,5%, шұжық, ет өнімдеріне - 1,4%-ға, тұзға, алкогольсіз сусындарға - 1,3%, күрішке, құмшекерге - 1,2%, жаңа жиналған жемістерге, сұлы жармасына - 1,1%-дан, ұнға - 1%-ға, сары майға - 0,9%, нанға, макарон өнімдеріне - 0,8%-дан, балық және теңіз өнімдеріне - 0,7%, қышқыл сүт өнімдеріне - 0,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 10,1%, шикі сүтке - 3,2%, арпа жармаға - 0,5%, күнбағыс майына - 0,4%-ға тіркелді.
«Баға фармацевтикалық өнімдерге 1,4%, киім және аяқ киімге - 0,6%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 0,5%, жиһаздар және үйге қажетті заттарға, тұрғын жайларды жөндеуге арналған материалдарға - 0,4%-дан өсті. Дизель отыны 12,1%-ға қымбаттады», - делінген агенттік мәліметінде.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді