Палау қайда?
Жазушы Қалмақан Әбдіқадыров (1903-1964) өзбек тағамдарын жасауға келгенде алдына жан салмайтын шебер болыпты. Көркем әдебиет баспасында істеп жүрген кезінде ол кісі бірде ақын інісі Сырбай Мәуленовті үйіне қонаққа шақырады:
– Жеңешең үйде жоқ еді... Сенің талантыңа тәнті боп жүрген ағаң едім, үйге барайық, саған өз қолымнан дәмдеп ас пісіріп берейін, – дейді.
Сырбай «ас істеймін дегені несі екен?» деп бір ойлайды да, соңынан еріп, Қалекеңнің үйіне барады.
– Сен кітап қарай тұр, мен ас істеп, палау баса қояйын, – деп, Қалмақан ас үйге шығып кетеді.
Арада бір сағаттай уақыт өткенде:
– Қалеке, палау қайда? – дейді қарны аша бастаған Сырбай.
– Палауды баптап жатырмын, күте тұр, – дейді Қалекең ас үйден дауыстап.
Арада тағы бір сағат өтеді. Сырбай тықыршып, қарнын сипап:
– Палау не болды, Қалеке? – дейді.
– Баптап жатырмын... аздан соң әзір болады, – дейді Қалекең.
Сырбай тағы да бір сағаттай күтеді. Палау келмейді.
– Қалеке, палауыңызға не болды? – дейді Сырбай шыдамсызданып, ас үйге қарай жақындап.
– Нағыз бабына енді келейін деді... Сәл күте тұр! – дейді Қалекең бүлк етпей. Үш сағат бойы күттірген палаудың мұндай «қорлығына» төзе алмаған Сырбай сол жерде:
– Қазаннан ас түскенше, сіздің палау піскенше, шыдар едім мен пақыр, әттең, соған іш көнсе, – депті де, амалы құрып, сылқ етіп отыра кетіпті.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




