Тараз қаласының орталық алаңына таяу орналасқан Қойгелді батыр көшесіндегі «Налоговый» аталып кеткен аялдама тұсындағы мына бір нысанның қабырғасы жабайы жарнамалар мүйісіне айналып кеткен. Бұрынғы ЖГТУ университеті ғимаратының бір бөлшегі саналатын бұл шағын нысанның қабырғасы бейберекет ілінген жарнамадан тіпті көрінбейді. Көзге қораш байқалатынын айтпағанда, мұнда «Бір түнге, тәулікке жалға пәтер беріледі» деген секілді ыңғайсыз хабарландырулардың санында шек жоқ. Бұл осы секілді көптеген келеңсіз көріністердің бір мысалы ғана. Тарихи шаһарымыздың шырайына нұқсан келтіретін осындай жөнсіздіктерден қала көшелері қашан арылар екен?!
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




