Бүгінде мемлекет тарапынан әрбір азаматтың денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр. Соның бір айғағы, Жайылма ауылындағы жаңадан ашылған дәрігерлік амбулатория тұрғындардың денсаулығын сақтауына үлесін қосары сөзсіз. Аудан орталығына да сабылмайтын болды. Емдеу мекемесінің ашылу салтанаты кезінде аудан әкімі Бейбітбек Жайлыбаев жаңа емханада озық медициналық құрал-жабдықтардың бар екенін, оларды күтіп ұстап, халықтың игілігіне пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. «СК Тараз Еврострой» ЖШС-ның директоры Әнуар Исаев алыстағы ауыл тұрғындарына арналған 20 орындық амбулатория ғимаратының кілтін Жайылма ауылының аға дәрігері Лаура Мадалиеваға салтанатты жағдайда тапсырды. Жаңадан пайдалануға берілген ауылдық дәрігерлік амбулаторияның заман талабына сай жабдықталған бөлмелерімен танысқан жайылмалықтар атынан сөз алған көп балалы ана Базаркүл Жұмабекова: – Ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жыл санап өсіп келеді. Соның нәтижесінде қала, ауыл, елді мекендеріміз көркейіп, ажарлана түсуде. Бұл жан жадыратар жақсылықтардың бірі ғана деп білеміз. Елбасына, облыс, аудан басшыларына айтар алғысымыз шексіз, – деді ағынан жарылып.
Дариха Үмбетиярова, журналист.
Жайылма ауылы, Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




