Өткен сенбіде орталық «Достық» алаңында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп, тараздықтар тағы да арзан бағадағы азық-түлікке қарық болды. Бұл жолы Жамбыл, Талас, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының диқандары мен малшылары өздері күтіп-баптаған көкөніс пен мал өнімдерін ұсынды.
Алаңның бір жартысында аудандардың, ал екінші жартысында Тараз қаласының тауар өндірушілері сауда-саттықты қыздырып жатты. Қала кәсіпкерлері ұсынған шұжық, ірімшік, сүт өнімдері, басқа да кондитерлік тағамдар өз тұтынушыларын тапты. Осы істің басы-қасында жүрген Тараз қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Сапаралиев бізге кәсіпкерлік құрылымдардың жүзеге асырып жатқан жұмыстары жөнінде әңгімелеп те берді. – Жәрмеңкенің ең басты мақсаты – тауар өндірушілердің өнімдерін ешқандай делдалдарсыз, алыпсатарларсыз нарыққа тікелей өздері шығып, тиісті бағасына үстеме қоспай өткеруі. Бұл қала халқы үшін де тиімді. Жәрмеңкеге қаламыздың өзінен 15 тауар өндіруші атсалысып, өнімдерін сатылымға шығарып отыр. Орнына ешқандай да ақы төлемейді. Сол себепті бағалар нарықтағыдан біршама арзанға түсуде. Ал облыс әкімдігі бекіткен кестеге сай мұнда әр аптаның сенбісі күні бізден басқа 5 ауданның ауыл шаруашылығы бөлімдерінің ұйымдастыруымен шаруа қожалықтары өз өнімдерін әкеліп сатады. Біз баға бағамын нарықтағыдан 10-18 пайыздай төмен, облыс орталығындағы ең ірі сауда орны – «Ауыл-Береке» базарындағы бағамен салыстырып, кәсіпкерлермен келісе отырып белгілейміз, – дейді ол. Бұл күні келушілерге жалпы құны 21, 2 миллион теңгені құрайтын 116,8 тонна азық-түлік өнімдері ұсынылды.
Баймаханбет Ахмет, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




