Көршіміз көңілдене жыр оқыды
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мәжіліс залында ақын, Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі Айыпберген Балтабайұлымен кездесу өтті. Әдеби кешке аталған университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.
А.Балтабайұлы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің аумағында 25 кездесу өткізуді көздеген екен. Жоспарының орындалуын Шымкенттен бастаған ақын өзінің жетінші кездесуін тараздықтарға арнапты. Ақынның осы кезге дейін «Назеркем», «Ғашықтар әні», «Жан жылуы», «Алтын бесік» жыр жинақтары мен «Жұлдызды ғұмыр» пьесасы жарық көрген. Айыпберген Балтабайұлы жиналғандар алдында шабыттана жырларын оқыды. Ақынның лирикалық жырлары да, патриоттық өлеңдері де студент жастардың көңілінен шықты.
Өз кезегінде Айыпберген Балтабайұлы студент жастарға өнегелі өмірінен естеліктер айтты, оларды отансүйгіштікке, елжандылық қасиеттерге шақырды. Қаламгерге доцент Гүлзия Әбдір, студенттер Азиза Әбдірайымова, Құрбанәлі Шахабай түрлі сауалдар қойып, жан-жақты жауап алды. Жас ақындар Файзулла Төлтай мен Арайлы Жақсылық жүректерін жарып шыққан жалынды өлеңдерін оқыды.
Кездесуді аталған университеттің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Әзімхан Ыбырайым қорытындылап, осы оқу орнындағы оқырмандарымен ой бөліскені үшін алғысын білдіріп, ақынға құрмет көрсетті. Айыпберген Балтабайұлы жиналған көпшілікке рахметін айтып, университеттегі «Парасат» шығармашылық клубының естелік кітабына қолтаңбасын қалдырды.
Қаламгердің шығармашылық кездесулері Қызылордада және батыс облыстарда жалғасатын болады.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




