Жұма күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында болған магнитудасы 6,1 баллды құраған жер сілкінісінен жапа шеккендер саны 177 мың адамға жетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Табиғат апаты салдарынан 48 адам жарақаттанып, 45 мың азамат қауіпсіз жерге шығарылды. Жергілікті билік өкілдері хабарлағандай, 3,4 мың үй қирап, 21 мың баспана бұзылды. Олар тікелей экономикалық шығынды 1,7 млрд. юаньға (272 млн. доллар) бағалап отыр. Айта кетейік, зілзала жұма күні Бейжің уақытымен сағат 09:20-да Дай-Цзинпоск автономиялық округіне кіретін Инцзян уезінде болған, деп хабарлады Қытай сейсмикалық орталығынан. Жер сілкінісінен кейін магнитудасы 5,1 баллға дейінгі қуатпен 41 жерасты дүмпуі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




