Әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды

Әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды
ашық дереккөз
Әлемдегі ең ұзын аспалы жол ашылды

Боливия президенті Эво Моралес әлемдегі ең ұзын және биік аспалы жолды салтанатпен ашты, деп хабарлады Ассошэйтед Пресс. Енді әуедегі аспалы жолдың кабинасында Ла-Пас және Эль-Альто қалаларының арасында жолаушылар тасымалданады. Бір адамға билет құны үш боливиано (43 цент).

Австриялық компания 234 млн. долларға салған бұл аспалы жол теңіз деңгейінен 3200 және 4000 метр биікте Анд таулары тізбегіндегі Ла-Пас және Эль-Альто қалаларын жалғастырады. Жаңа аспалы желі жолаушыларды соңғы стансаға дейін 10 минуттың ішінде жеткізеді, бұрын бұл қалалардың тұрғындары екі ортаға машинамен немесе қоғамдық көлікпен жарты сағаттан астам уақыт жоғалтатын еді. Бұл сапар Боливиядағы ең биік (6462 метр) Ильимани қарлы шыңдарының баурайымен өтеді. Желінің ұзындығы 10 шақырым, ол теңіз деңгейінен 3660 метр биіктікте.Ол сағатына 18 мың адамды тасып жеткізеді.

Ұқсас жаңалықтар