«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жылу 15 қазаннан бастап беріледі

Жылу 15 қазаннан бастап беріледі
ашық дереккөз
Жылу 15 қазаннан бастап беріледі

Күз салқыны сезіліп, күн суыта бастағалы көп қабатты үйлер тұрғындары «Жылу қашан беріледі?» деген сауалды жиі қоятын болды. Көп қабатты үйлер мен әлеуметтік нысандар, өзге де мекеме ғимараттарына жылудың қашан берілетінін облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерік Көшербаевтан сұраған едік. Басқарма басшысы облыс бойынша жылыту маусымы 15 қазаннан басталатынын жеткізді. Оның айтуынша, нысандардың жылу беруге жалпы дайындығы 100 пайызға жуық. Жылу ең алдымен әлеуметтік нысандар мен орталық қазандыққа қосылған тұрғын үйлерге беріледі. Осы уақытқа дейін жоспарға сәйкес Тараз қаласы мен барлық аудандарда 6 рет штаб отырысы өткен. Ол отырыстарда анықталған кемшіліктер мен кеткен ақаулар талқыланып, тиісті тұлғаларға арнайы тапсырмалар берілген. Айта кетейік, 2016-2017 жылдарға жылу беру маусымына нысандарды дайындау жұмысына бюджеттен 5,5 миллиард теңге қаржы бөлінген. Сонымен қатар, Ерік Әубәкірұлы Тараз қаласындағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының барысы туралы да айтып берді. Аталған жұмыстар бірнеше магистраль бойынша белгіленген уақыттан бұрын аяқталса, Жамбыл даңғылы бойымен Жұбанышев, Ұлбике ақын, Рахимов, Исатай, Рысбек батыр, Әл-Фараби көшелері бойындағы жылу желілерінің қажетті жабдықтары уақтылы жеткізілмеуі салдарынан әлі де жалғасып жатыр. Алайда, бұл жұмыстар да өз уақытында аяқталмақ. Бүгінде 5-магистральда мердігер «Геруда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары тынымсыз еңбек етуде. Сондай-ақ, 20 жылдан бері қолға алынбай келе жатқан резервтік жылу жүйесін құру жұмысы да биыл қолға алыныпты. Яғни, Жамбыл даңғылы бойынан ұзындығы 210 метрді құрайтын жылу жүйесі жасалмақ.

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар