«ҚТЖ» мен «Қазақстан-инжиниринг» акциялары сатыла бастайды
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2014
- 432
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Қазақстан-инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына қатысу үлесін маусымда сатылымға шығарады.
Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қаржы директоры Нұрлан Рахметов мәлім етті. «Маусым-шілдеге арналған кесте қазірдің өзінде анықталып отыр. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы алғашқы шара 17 маусымда басталады деп күтілуде. Ол кезде Алматы қаласында «Қазақстан инжинирингтің» еншілес құрылымы «832 автожөндеу зауыты» АҚ-ның 51 пайыз акциясын сату аясындағы тендер хатқалтасын ашу өтеді», - деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қаржы директоры Нұрлан Рахметов. «Әлеуетті сатып алушыға «Қазатомөнеркәсіп» Үлбі металлургия зауыты мәдениет сарайы» ЖШС-нің 100 пайыз акциясы ұсынылатын болады», - деді ол. Шілдеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамынан Екібастұздағы «Ертіс-сервис» пен Шымкенттегі «Қазығұрт Оңтүстік» ЖШС-ның 100 пайыз акциясын шығару жоспарланып отыр. Бұған қоса «Бас Балқаш 2004» ЖШС мен Түркістандағы жылжымалы құрамды жөндейтін «Ақ Берен» ЖШС-ның 100 пайыз акциясы сатылымға шығарылмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Көлік министрі тағайындалды
- 30 маусым, 2025
Бұрынғы Қорғаныс министрі Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды
- 30 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді