Энергетиканы дамыту мәселелерімен БҰҰ өзі айналысып отыр
Әлем жұртшылығы энергетиканы дамытудың маңыздылығын саналы түрде мойындап отыр. Энергия көздері үшін бәсеке қарқын алып келеді. Сондай-ақ,энергетика - планета экологиясына әсер ететін экономика саласы. Энергетиканы дамыту мәселелерімен БҰҰ өзі айналысып отыр және олардың бастамасы бойынша осы проблемаларды шешуге арналған «Әрекеттің жаһандық бағдарламасы», «Біз қалайтын болашақ», «Тұрақты энергетика барлығымыз үшін» және басқа да конференциялар өткізіліп тұрады. Қазақстан да энергетикалық мәселелерді шешуге ерекше назар аударып отыр.
Осы маңызды мәселе VII Астана экономикалық форумында күн тәртібіне қойылды. Форумға БҰҰ Секретариатының қызметкерлері, атақты әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен сарапшылар, Нобель сыйлығының лауреаттары, 150 елдің халықаралық ұйымдарының өкілдері, ҚР мемлекеттік органдары мен Ұлттық компания басшылары және отандық энергетика саласы мен «Жасыл технология» бойынша ғалымдар қатысты. VII Астана экономикалық форумына облыс делегациясы қатарында Тараз техникалық институтының ректоры, Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының Жамбыл филиалы төрағасы, осы ұйымның академигі, т.ғ.д, профессор С.Жүнісбеков, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, т.ғ.к, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті Е.У.Ашимов және М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы, т.ғ.к., А.Н. Шевцов қатысып қайтты. Форумда «Келешек Қазақстанның 2050 жылға дейінгі тұрақты энергетикалық стратегиясы» ұсынылды және талқыланды. Қатысушылар Қазақстанның ұлттық энергетикалық стратегия жасау туралы шешімін мақұлдады. Қазақстандық стратегияны жүзеге асыру мен ендіру бойынша ұсынымдар әзірленді. Осы форум шеңберінде «Болашақ Қазақстанның 2050 жылға дейінгі тұрақты энергетикалық стратегиясы» атты қосалқы сессиясы өтті. Бұл сессияның ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдарының академиясы болды. Осы сессия жұмысының қорытындысында экономика проблемаларын тарату бойынша және осы мақсаттарға жету үшін қаржылық ресурстар қарастыру, энергияның минералдық көздерін кешенді пайдалану саласы мен «Жасыл энергетиканы» дамытудағы жетістіктері үшін халықаралық сыйақы тағайындау, тұрақты энергетиканың құқықтық негіздерін жасау, тағы басқа нақты ұсынымдар қабылданды. Көрсетілген ұсынымдар Халықаралық дағдарысқа қарсы бағдарламаларға қатысушы елдерге, ҚР өкіметіне, БҰҰ секретариатына жолданды. Осы форумның аясында Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясы президиумының кадрлық мәселені қарастырған отырысы болып өтті. Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүше- корреспонденті болып біздің жерлесіміз, жас әрі келешегі мол ғалым, академик С.Жүнісбековтың шәкірті А.Шевцов сайланды. А.Шевцовты сайлауда оны ғылымды дамыту мен таратудағы үлесі және 2013 жылдың мамырынан бастап ай сайын шығып тұратын ISJ «Theoretical & Applied Science» халықаралық ғылыми журналын ұйымдастырудағы бастамасы ескерілді. Барлық іс- шаралар ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Стратегиясы- 2050» Жолдауын қоғамдық өмірге белсенді ендіруге арналған. Жолдауда Президентке тән табандылықпен озық білім, заманауи ғылым мен технология негізінде қоғамды жан-жақты дамытудың орасан зор мәселелері қойылған.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді