Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға қайта көмір тасымалдайды
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2025
- 1.1k
Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Еуропалық одақ жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен түрлі деңгейдегі консультациялар жүргізді. Еуропалық комиссияның атына ЕО санкциялық режиміне тиісті өзгерістер енгізу туралы ресми өтініш жіберілді.
Келіссөздер нәтижелі болды. ЕО-ның 18-пакет санкциялары аясында Еуропалық тарап қазақстандық көмір транзиті үшін белгілі бір Ресейлік порттарымен келісімге шектеуді алып тастады. Бұл шара келесі шарттарды сақтаған кезде қолданылады:
- көмірдің шығу тегі тек Қазақстан Республикасы болуы керек;
- жүкке меншік құқығы санкциялық шектеу шаралары қолданылатын елдердің резиденттерінде болмауы керек;
- порттарды тек транзит, тиеу немесе жөнелту аумағы ретінде пайдалануға болады, яғни оның аумағында тауарды сатып алу немесе өндіруге болмайды.
Ұқсас жаңалықтар
«Made in KZ» көбейген сайын отандық бизнес дамиды
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




