«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ерліктері жастарға үлгі

Ерліктері жастарға үлгі
ашық дереккөз
Ерліктері жастарға үлгі

Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері Алматыда орналасқан 7552 әскери бөлімнің әскери қызметшісі ефрейтор Нұрасыл Мүбараковпен кездесу өткізді.

Алматыдағы аталмыш әскери бөлім, яғни, еліміздің Ұлттық ұланы қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қадағалау, маңызды мемлекеттік нысандар мен түзеу мекемелерін күзету, жазасын өтеушілерді айдауылдау қызметтерін атқарады. Күнделікті қызмет барысында жауынгерлер әрқилы қауіпті оқиғалармен бетпе-бет келіп, өз міндеттерін абыроймен орындап келеді. Соның бір дәлелі, сержант Жандос Баянбаев пен жоғарыда аталған Нұрасыл өткен жылы 5 желтоқсанда «Алматы-Семей-Алматы» бағытындағы жоспарлы теміржол қарауылында сотталған адамның қару қолданып, қашу әрекетіне жанқиярлық ерлікпен тойтарыс берген болатын. Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Елбасы – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 7552 әскери бөлімі қарауыл бастығының көмекшісі сержант Жандос Баянбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, сақшы ефрейтор Нұрасыл Мүбараков «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр» деген қағидатты ұстанған қаламыздағы 5513 әскери бөлімінің жауынгерлері жуырда әріптесі Н. Мүбараковпен жүздесіп, қылмыскер-сотталушы К. Ақжігітовтің бұларды жаралап, қашпақшы болғанда оған тосқауыл қойғандықтарын өз аузынан естіді. Бұдан бөлек, Н. Мүбараков екі күн аралығында Жамбыл политехникалық колледжінің білімгерлері және №42 және №47 орта мектептердің оқушыларымен кездесіп, кеңінен пікірлесті.

Лесбек Сайлаубек, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар