Е.Ыдырысов: Еуразиялық экономикалық одақ ынтымақтастыққа дайын
- author «Ақ жол»
- 2 маусым, 2014
- 388

Еуразиялық экономикалық одақ жабық ұйым емес және ынтымақтастық орнатуға дайын. Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қоюға арналған брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
«Бұл жабық ұйым емес, одақ сауда үшін, ынтымақтастық үшін ашық. Біз бұл ұйымның өз алдына ұзақ мерзімді мақсат-міндеттер қойып отырғанын білеміз», - дейді Е.Ыдырысов.
Министр атап өткендей, Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушылары еркін мемлекеттер.
«Шарт одақ мүшелеріне сыртқы саясаттағы еркіндігіне бөгет болмайды, ешкім ешқандай тыйым салмайды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер тәуелсіз мемлекеттер болып қала береді», - дейді ҚР Сыртқы істер министрі.
Айта кетейік, Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа 29 мамырда Астанада қол қойды. Бұл одақ 2015 жылдың бірінші қаңтарынан жұмысын бастайды деп көзделіп отыр.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді