Экономика
Айырбастау пункттері болашақта банк филиалдары сияқты қызмет етуі тиіс - Қ.Келімбетов
- author «Ақ жол»
- 2 маусым, 2014
- 622
Айырбастау пункттері болашақта банк филиалдары сияқты қызмет етуі тиіс - Қ.Келімбетов
Ақша айырбастау пункттері болашақта банк филиалдары сияқты қызмет етулері тиіс, бірақ бұл біздің оларды шектеп жатқанымыз деген сөз емес. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.
«Қазақстанда валюта айырбастау пункттері банк филиалдары сияқты қызмет етулері керек, бірақ біз қазір олардың қызметін шектеу мақсатында белгілі бір іс-әрекеттер жасап жатқан жоқпыз», - деп түсіндірді ол.
ҰБ төрағасының айтуынша, банк құрамындағы айырбастау пункттері қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бағдарламалар және құрылғылармен толық қамтылған.
«Ал жеке тұрған көптеген пункттерде мұндай артықшылықтар жоқ, сондықтан біздің ойымызша, орта мерзімді перспективада біз солардың қорғанысын күшейтуде бірқатар шараларды қолға алатын боламыз», - деді Қ.Келімбетов.Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




