Халықтың мұқтаж санаттарын әлеуметтік төлемдермен және жұмыспен қамтудағы әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерінің тиімді қолданылуының нәтижесінде соңғы 3 жылдың ішінде сәйкес мерзіммен салыстыра қарағанда, табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 1,5 пайызға, 2014 жылдағыдан 1,1 пайызға, ал атаулы көмек алушылар арасындағы жұмысқа жарамды азаматтардың үлесі 24,8 пайызға дейін төмендегені байқалуда. Ағымдағы жылдың 8 айында 2036 азаматқа 35,4 миллион теңгенің атаулы әлеуметтік, 12 мың отбасына 204,7 миллион теңгенің тұрғын үй, өмірдің қиын жағдайында қалған 11,6 мың азаматқа 245,3 миллион теңгенің материалдық, ауылды жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуына 8800 отбасына 50,7 миллион теңгенің әлеуметтік көмектері көрсетіліп, 1287 мүгедек баланы үйде оқыту үшін 35 миллион теңге демеуқаржы, 21,2 мың отбасына 67,1 мың балаға 936,9 миллион теңгенің балалар жәрдемақысы берілді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84-қадамы әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыруды көздейді. Облыста бұл тұрғыда «Өрлеу» қанатқақты жобасы енгізіліп, оның аясында шартты ақшалай көмек 2014 жылдан бері тағайындалумен келеді. 2016 жылдың 8 айында облыста 1023 отбасындағы 5670 адамға 121,8 миллион теңгенің шартты ақшалай көмегі тағайындалды. Көмек тағайындалған отбасыларынан жұмыс жасындағы 1185 азамат әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылды, олардың 144-і тұрақты жұмыс орындарына, 331-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 522-сі «Жұмыспен қамту» жол картасы аясындағы жұмыстарға, 9-ы «Жастар тәжірибесімен» қайта даярлау оқуына, 179-ы әлеуметтік жұмыс орындарына қатыстырылды. Бағдарламаның негізінде әлеуметтік көмек жүйесіне жаңғырту жүргізу жоспарланып отыр. 2016 жылы республика бойынша пилоттық режімде, 2018 жылдан бастап заңды түрде көп балалы және аз қамтылған отбасыларына берілетін әлеуметтік төлемдердің орнына жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау жоспарланып отыр. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 4 баласы 18 жасқа толмаған отбасыларына берілетін арнаулы әлеуметтік көмектің, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына жергілікті бюджет есебінен берілетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмектің орнына берілетін төлем болады. Атаулы көмек – шартты атаулы әлеуметтік көмек және шартсыз тағайындалатын көмек ретінде беріледі. Шартты атаулы көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтардың міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысуы жағдайында, ал шартсыз ақшалай көмек отбасында жұмысқа жарамды азаматтары жоқ отбасылары үшін тағайындалады. Өмірдің қиын жағдайында қалған отбасылары мәселесінде жұмыспен қамту және шартты көмек ұсынылып қана қоймай, қосымша шаралар қажет болған жағдайда, отбасының құжаттары аудан, қала әкімдіктері жанынан құрылған ведомствааралық комиссияның қарауына жолданады. Комиссияда денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және басқа салалар арқылы шешілетін мәселелер де қаралып, қолдау көрсету жолдары ұсынылады. Яғни, ұсынылып отырған мемлекеттік қолдау жүйесі мұқтаж отбасының барлық әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейді және бұл әр отбасы мүшесінің еңбекке жарамдылығы ескеріліп тағайындалатын көмек болмақ. Бұл жағдайда көрсетілетін көмек шын мұқтаж отбасыларына беріліп, атаулылығы күшейтіледі, жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтылуы мәселесі қарастырылады, мамандығы жоқ азаматтарға оны алуға мүмкіндік беріледі. Бағдарлама, міне, осынысымен де құнды, өміршең шараға айналып отыр.
Сәкен АРУБАЕВ, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді